(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНАН ЖӘНЕ ...

Осы редакция 2017 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.27.01. № 39 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 17 сәуірдегі

№ 219 бұйрығына

10-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге
мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан

шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.30.09. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) www.egov.kz  арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

1) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті берушіге түскен уақыттан бастап 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) порталда - құжаттарға апостиль қою күнін, уақытын белгілеу туралы хабарлама алу - 1 (бір) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.